15 ақпан Ауған соғысының ардагелеріне арналған әдеби кеш » СШ №30
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"Мұстафа Шоқай атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-36) 2-31-26
Есепші бөлімі:
+7(726-36) 2-31-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 15 ақпан Ауған соғысының ардагелеріне арналған әдеби кеш
14
февраль
2020

15 ақпан Ауған соғысының ардагелеріне арналған әдеби кеш

Қақпатас орта мектебі




«Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман

Тек сенен Есте қалған»








2019-2020 оқу жылы

2019-2020 оқу жылындағы ауган кенес әскерлерінің 31 жыл толуына арналған  Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші.

Өтілетін күні: 14.02.2020ж 

Басталу уақыты: 14.00

Түрі: әдеби кеш

Тақырыбы: «Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман Тек сенен Есте калган»

Максаты: Ауған оқиғасында Тәуелсіздік  жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды
 Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету

Өтілу барысы :

Ұйымдастыру бөлімі:

1 сапқа тұрады

2 ту кіргізіледі

3 ән ұран

Ұйымдастыру бөлімі:

 Қатысушылар 7-8-9 оқушыларын және шақырылған мектептер №25, №33 мектеп оқушыларды сапқа тұрғызу, қонақтарды қарсы алу 

Негізгі бөлім:

Ашылуы жургізушілер сөзі

1-жүргізуші
 - Қайырлы күн құрметті де қымбатты қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! 7-8-9 сыныбымен ұйымдастыруымен болып отырған «Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман Тек сенен Есте қалған...» атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кешін бастауға рухсат етініздер!

2 - жүргізуші: 

-Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

                        Өткенін ескермеген өшеді,

                        Өткенін қастерлеген өседі,- демекші, берер тәлімі мол тарихтың тірі куәгерлері бүгін біздің ортамызда! Ауған ардагерлерінің құрметіне арналған кешіміздін алғашқы сөзін мектеп деректері Ибраимов Азамат Абиловичқа беріледі


1-жүргізуші
 -Жаулардан қарсы келген жасқанбаған
 Жасаған ерлігіне мастанбаған.
 Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
 Тарихта ардагерлер асқан бағаң – деп батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда. 
Бүгінгі кешке қатысушы қонақтарымыз ауған ардагерлерімен таныс болыныздар

1_________________

2_________________

3_________________

  1. Жүргізуші 

-Мен қазақпын, Ұланымын елімнің,
 Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.
 Ұланымын туын көкке көтерген,
 Болашаққа алға бастап жетелер.
 Қиындығын қазағымның әрқашан
 Қайыспайтын қара нардай көтерер.

- Сапқа тұр  Жас сарбаздар саптық жүрісі

       









1-жүргізуші

-10 сынып оқушыларының Әскери даярлық сабағынан қаруды шашып жинау шеберлігін көрсету


2 жүргізуші

Шекара заставасы қызметкерлерінің шеберлігі


1 жүргізуші 

-Ауған соғысы жайлы бейне ролик

2-жүргізуші 
 - 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс–зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі–Ауған соғысы.

2-жүргізуші

-«Ауған соғысының табиғаты да тарихы да өзгеше. Ол уақытта 18 бен 20 – ның арасындағы өрімдей жастар, бас - аяғы 22 мың қазақстандық өзге азаматтар мамыражай тіршілік етіп жатқан кезде бөтен елде өздерінің ел алдындағы борышын өтеді. Соғыс деген қаралы ұғым. Ауған соғысында мерт болғандар мен ардагерлердің алдында қашанда бас иеміз»,- Ауған соғысына КСРО құрамына 22 000 қазақстандық қатысты. 2 238 күнге созылған соғыста 924 қазақстандық мерт болып, 1015 жауынгер мүгедек болып қайтты. 21 адам хабар – ошарсыз кетті. Ауылымыздан ауған жерінен аман есен оралып қазіргі уақытта өмірден озған Жанайбаев Мұхтар Ташболатұлын және оралмаған ер азаматтарымызды
 1 минут еске алу сәті

-Ауған ардагеріне сөзкезегін берейік

 Сөз кезегін ауыл әкімшілігінің жас мамандарына берейік.

1_____________

2_____________

-Беткайнар шекара заставасының отан қорғаушыларына келесі сөз кезегін береміз


1-жүргізуші

6 сынып оқушысы Намаз Қарлығаштын ән шашуы 

1 - Жүргізуші:
 - Өтер жылдар, айлар тағы алыстап
 Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
 Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
 Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмтылмақ емес.
 
 2 - Жүргізуші:

 Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек етуде. Аяулы ағалар уақыт тауып келгендеріңізге рахмет! Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін.
 Осымен бугінгі салтанатты кешімізді бітті деп жариялаймыз 

Ту шыгарылады.......