28
май
2019
"Соңғы қоңырау"
№30 Қақпатас орта мектебінде атап өтілген "Соңғы қоңырау" салтанатты жиын соңы бітіруші түлектер мен олардың ата-аналарына арналған "Сырласу сағатына" ұласты. Онда 11 жыл бірге оқыған сыныптастар, олардың ата-аналары жəне ұстаздар арасында бүкпесіз емін-еркін ашық сырласу, қимастыққа толы сезімдер, ақ тілек-ұсыныстар, сұхбаттарға толы тамаша іс-шара орын алды. Бітіруші түлектер жақында ғана жариялаған "Шығынсыз мектеп бітіру кеші" үндеуіне қайта тоқталып, республика, облыс, аудан көлемінде қолға алынып жатқан бастаманы қолдайтындықтарын білдірсе, ата-аналар да "Кері байланыс" арқылы мектеп əкімшілігі мен ұстаздарға деген ризашылықтары мен алғыстарын айтып тарасты.