Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Сабақтың тақырыбы: «Жұлдызды сәт» шағын орталық жоспар

Автор: admin от 28-03-2017, 01:38, посмотрело: 1045

Сабақтың тақырыбы: «Жұлдызды сәт» «Айгөлек» шағын орталық: «Айгөлек»орта тобы, «Балдәурен» орта тобы.
Мақсаты: Тәуелсіздіктің 25 жылдығына бүлдіршіндердің білімін және ой-өрісін дамыту, ойлау қабілетін,ой ұшқырлығын арттыра отырып, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, жинақы болуға және балалардың сөйлеуін дамыту,айналамен таныстыру ,қарапайым математика ,көркем әдебиет іс-қызметтеріндегі өткен тақырыптардан сұрақтар беру арқылы білімдерін тиянақтау, сана-сезімдерін қалыптастыру.
Көрнектілігі: Компьютер, суреттер,үлестірмелі материалдар, сюжетті суреттер.
Тәрбиеші: Қайырлы кун,қадірменді ұстаздар мен бүлдіршіндер! Бүгінгі орта тобының «Жұлдызді сәт» сайысына қош келдіңіздер!
Компьютер сенің көмекшің,
Қағазың әрі қаламың.
Керек емес демессің,
Аздаған соң хабарың,
Ақпараттың заманын-дей отыра, сайысымызды компьтерді қолдана отырып бастаймыз.

Ал келіңдер, келіңдер,
Бір-біріңе еріңдер.
Өздеріңді тексеріп ,
Ойынға қатысып көріңдер,- деп бугінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Енді сайысқа қатысатын бүлдіршіндер мен танысайық.

1-топ. «Сұңқар» тобы.
Мүшелері:
1. Сұлтанбай Жандәулет
2. Жарылқапберген Дана
3. Бабол Әсел
4. Сағымбай Фариза

2-топ. «Самрұқ» тобы .
Мүшелері:
1. Агимсал Нұраян
2. Қарабай Ғани
3. Заматқұл Жанна
4. Жақып Аяжан
Тәрбиеші: Ендігі кезекте бүгінгі сайсымыздың шарттарымен таныссақ деймін. Сайысымыз 7- бөлімнен тұрады.
1. Таныстыру.
(әр топ атымен ,ұранымен, төсбелгілерімен таныстырады) .
2. «Мамандықтар әлемі».
(суретте берілген мамандық иелерін атайды) .
3. « Ойлан тап!»
( математика сабағы суреттегі сұрақтарға және тапсырмаларға жауап береді.)
4. «Төртінші артық».
( төртінші артық затты сызып таста)
5. «Топтық өнер»
(Балалардың өнері)
6. «Егеменді еліміз Қазақстан».
( сұраққа жауап береміз) .
7. «Тілашар».
( жұмбақ жасырылады, қай топ көп жауап берсе, сол топқа көп ұпай беріледі)

Әділдікпен баға берер сендерге ,
Әділдікпен қара қылды қақ жарар.
Қазір енді қазыларды сайлайық,
Ең алғыр топты айта алар,- дей келе қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1-әділ қазымыз мектеп директоры Ж.Ж.Избасарова. 2-әділ қазымыз: Мектеп директорының тәрбие іс-жөніндегі орынбасары М.С. Альмежанова.
3-әділ қазымыз: Бастауыш бірлестігінің жетекшісі Ж.А. Мыңбаева.

Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе деймін.

Бірінші кезеңімізді бастайық
Таныстыру:
1-топ: Топ Аты: «Қарлығаш»
Топ ұраны:
Қарлығаш тобы алға,
Жүреміз тек алда.

2- топ: «Самрұқ»
Топ ұраны:
Сайыстан қалмаймыз, келеміз,
Жарыста өзгені жеңеміз.

Тәрбиеші: Ал кәнекей балалар
Мына жаққа қараңдар.
Бүгінгі сайыс төрінде,

« Мамандықтар елінде» .
(Суретте берілген мамандық иелерін атайды)
« Ойлан тап! »
(Қарапайым математика бойынша тапсырмаларды орындау)
« Төртінші артық».
(артық затты сызып таста)


«Топтық өнер»
(Балалардың өнері)
«Егеменді еліміз Қазақстан» .
(Сұрақтарға жауап береді.)
Балалар біздің мемлект қалай аталады?
(Қазақстан)
Қазақстан Республиканың президенті кім?
(Н.Ә.Назарбаев)
Қазақстан қандай мемлекет?
(Тәуелсіз)
Қазақстан Республикасының туының түсі қандай?
Көк түсті
Қазақстанның астанасы қай қала?
(Астана қаласы)
Біз қай ауылда тұрамыз?
(Қақпатас ауылы)
«Тілашар»
( Жұмбақ жасырамын, қай топ көп жауап берсе, сол топқа көп ұпай беріледі)
Жұмбақтар :
Жолбарыстан аумайды ,
Пеш түбінде аунайды . (мысық)

Өзіне болған қорған,
Орман ішінде бар аң Қорбаң-қорбаң. (аю)

Жалт-жұлт етіп төбемде ,
Түсе алмай тұр төменге. (жұлдыз)

Аяғы бар , басы бар
Арқалаған тасы бар, (Тасбақа).

-Шыр-шыр етеді
Құлагыңнан өтеді.
Ұстай алсаң,
Сөйлеп кетеді . (Телефон)

-Орманда жоғары ,
Ағашқа қонады.
Тұмсығын балта етіп,
Тоқ-тоқ-тоқ соғады. (Тоқылдақ)

-Көк жүзінде көп жолақ,
Қойды екен кім бояп. (Кемпірқосақ)

-Үлкен алтын табақ,
Әлемге нұр таратқан. (күн)

Қыста үйге кірмейді,
Көктем шықса жүрмейді. ( Шана)

Өзі жүрген бір қу,
Жүрген жері айғай да шу. (Түлкі)

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір- күрес, жеткіземе мұратын?
« Жеңбедім, жеңілдім» деп ренжіме
Қатысуда бір жеңіс , жан болсаң екен ұғатын.
Осымен осы ойынды тамандасақ,
Бұл жарысты өткізер мек жаман болсақ.
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ.

Осыменен «Жұлдызды сәт» интелектуалды сайысымыз өз мәресіне жетті.
Қорытындылау
Әділ қазылар сөзі:
Мадақтау грамоталары беріледі.

Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 

Қазақ әдебиетін оқытуда АКТ-ны пайдалану

Автор: admin от 28-03-2017, 01:45, посмотрело: 1432

14 Қазақ әдебиетін оқытуда АКТ-ны пайдалану


Ақпараттық коммуникативтік технологияның қазақ әдебиетін оқытудағы мүмкіндіктері қандай? Ақпараттық технология- ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін біріктірілген әдістер мен бағдармалалық технологиялық құралдардың жиынтығы. Сабақты оқытуда жаңа технологияларды, технологиялық құралдарды жан-жақты қолдану мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Сондықтан қазіргі кезде сабақта ақпараттық технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз.
АКТ-ны оқыту барысында оқушыларды өзіндік оқуға бағыттап, ғылыми жетістіктерді пайдалану, оқытуды жетілдіру мақсатында жаңа сандық технологияларды қолдану арқылы көмек көрсетуге арналған.
Мұғалім оқыту барысында АКТ-ны не үшін қолданады? Біз, жаңа формацияның мұғалімі, АКТ-ны пайдалана отырып, дұрыс бағытқа жетелейтін дұрыс сұрақтарды қою арқылы оқушының дұрыс жауап іздеуіне бағыт-бағдар берушіміз. Оқушыны оқуға ынталандыру, өзін-өзі сыйлау сезімін дамыту арқылы өздігінен ақпарат іздеп, өздігінен оқуға үйретуіміз керек.
Не себепті өзіндік оқып, үйрену туралы ойлану керек? Өйткені қазіргі білім саласындағы оқыту үдерісі соны талап етіп отыр. Ал ақпараттар ағыны көп заманда өзіндік оқып, үйрену қалай жүзеге аспақ? Әрине мұғалімнің бағыт - бағдар беруші ретіндегі тапсырмалар мен ойланту сұрақтарын қоя білуіне байланысты.
Мен өз сабақтарымда сұрақтар мен тапсырмаларды жеңілден күрделіге қарай қоя отырып, оқыту процесін жандандыруға талпыныс жасадым.
Оқыту дегеніміз – іс-әрекеттерді орындата отырып, тәжірибе жинауға үйрету. Түрлі сайттардан алынған материалдарды іріктеу барысында түйгенім оқушының еріксіз есте сақтау қабілеті де артады, негізгі идея мен түйінді ойды дәл таба алатын дағдылары дамиды.
Сонда сыныптағы мұғалімнің рөлі қандай? Мұғалім сыныпта оқушыларға білім мен түсінуді қалыптастыруға көмектеседі. Білім мен түсінуді оқушылардың өздері қалыптастырады. Себебі мұғалімнің көп сөйлеген сөздеріне кей оқушылар мән бермеуі мүмкін. Өздері қолмен жасап, нәтижесін көрген уақытта оқушының оқуға деген ішкі уәжі артады.
Әдебиетті оқыту барысында сабақтың тақырыбы айтылғаннан кейін, қызығушылықты ояту сатысында оқушылардан білетіндерін сұрау керек. Сол арқылы жаңа сабақты игертуге бағытталған тапсырмаларды берген дұрыс. Сабақта оқушы көп сөйлеу керек. Мұғалім толықтырады, ойларды ашады. Бұрынғы дәстүрлі сабақтардың жүйесі оқушыға білімді тек жаттанды түрде ғана беріп, өзіндік ойлауды дамытуға, алған білімді өмірде іске асыра білуіне көп септігі тие бермейтін. Сондықтан болашақтың баласын оқыту үшін, болашақ қоғамның адамын дамыту үшін мұғалімнің өзі де өзгеріп, дамуы керек.
Ал біздің қазіргі дамыған қоғамымыз қандай? Осы қоғамдағы білім беру саласында әдебиетті оқытуда мен нені өзгерте аламын?
Жаңа заманға сай АКТ-ны пайдаланып сабағымды қалай өткіземін? «Адам рухының қолбасшысы» (Жұмаш Сомжүрек) саналатын әдебиетті жаңа заманға сай қалай оқытуға болады? Бұрынғы сіздер мен біздер сүйсініп, іздеп жүріп оқитын көркем шығармаларды қазіргі заманның оқушылары қалай оқиды? Ешқандай көрнекіліксіз, В.Голубковтың жіктеуі бойынша «словесно-образная» деп аталатын, көркем сөздің құдіретімен еліткен шығармалармен бүгінгі ұрпақ қалай танысады?
Осы сұрақтардың жауабын іздестіріп көрейікші.
Оқушылар сабақта ғаламтордан ақпараттарды іздеуде өздерінің ұялы телефондарын, iPad, iPhon, ұтқыр құрылғылары мен планшеттерді, мектептің мультимедиялық кабинеттерін пайдаланады. Movie Maiker бағдарламасында фильм жасап, Macromedia Flesh арқылы аннимациялық мультфильмдер жасайды.Берілген сұрақтардың жауабын ақпараттар ағынынан іріктеп таба білуге жаттыққан.
Оқушылардың осы дағдыларын орта мерзімді жоспарлап келген орта ғасыр әдебиеті бойынша төрт тақырыпты игерту барысында АКТ-ны қолдана отырып, қалай қолданамын деген сұраққа жауап іздеу барысында көп ойландым. Мектептегі тәжірибе кезеңінде қазақ әдебиеті сабағында АКТ-ны қолдану арқылы оқушылардың сыни ойлаулары қалыптасуы үшін қандай тәсілдерді пайдаланған дұрыс?
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанын 8 -сыныпта орта ғасыр әдебиеті тарауы бойынша АКТ-ны пайдаланып, сабақтың «Қызығушылықты ояту сатысында» You Tube сайтынан бейнеролик көрсеттім. «Ежелгі Шығыс ілімі бойынша әлемді төрт нәрсе ұстайды: өнер, су, ауа, от. Осы төртеуден әлемнің үйлесімі жасалады», - деген мазмұндағы бейнеролик пен дастандағы Әділет, Бақыт, Ақыл, Қанағат сияқты түсініктердің рөлі салыстырылды. «Өнер, су, ауа, оттың адам өміріне қандай қатысы бар?», « Адам тағы неден сақтану керек?» деген мазмұндағы сұрақтар қойылды. Оқушылар жауабы тыңдалады. «Адамның тәніне қуат беретін – осы төртеуі, ал адам рухына азық болатын – Әділет, Бақыт, Ақыл, Қанағат» деген жауаптар берілді. Екінші сұрақты талдау үшін Абай айтқан «бес нәрседен қашық болу» идеясы мен Жүсіп Баласағұнның тыйым салған зиянды нәрселері интерактивтік тақтада слайдпен беріліп, жан-жақты салыстырылды.
Қарастырылуға тиісті мәселе төңірегіндегі бастапқы білім деңгейлерін анықтап, мәселені әр қырынан талқылауға арналған тапсырмаларды бердім. Оқушылар түрлі идеялар мен көзқарастарын ортаға салды.
Өздері жаңа ақпаратпен жұмыс барысында өз тәжірбиесін басқалардың позицияларымен салыстыра отырып, түзету жасады. Өздері үшін жаңалықтар мен болжамдар табуға тырысты.
Жаңа білімді қалыптастыру кезінде жаңа шығармашылық ойлар туындап, жаңалықты практикада қолдануға тырысты.
Бірақ, жоспарланған сабақтардың сол жоспар бойынша өтуіне күтпеген жағдайлар кедергі келтіруі мүмкін. Менің сабағымда АКТ-мен жұмыс жасауда кездескен кедергілер сабақ кестесіне байланысты болды. Менің жоспарлап келген сабағымдағы «Егер мен Президент болсам...» деген тақырыпта жазған эсселері мен кері әсер парағы электрондық пошта арқылы жүзеге асатын тұстарында іске аспай қалды. Бұл тапсырмаларды мен қағазға түсіру арқылы жүзеге асырдым. Сайттардан тыңдалатын әуендер де болмай қалды. Мен ұялы телефонды компьютердің колонкасына қосу арқылы әуенді тыңдатып, жағдаяттан шығудың жолын таптым. Дайындап келген слайдтардың қағазға шығарылған нұсқасын дайындап қойдым. Өйткені күтпеген жағдайлар: жарықтың болмай қалуы, кабинеттердің босамауы, дайындаған слайдтардың ашылмай қалуы кез-келген уақытта проблема болып алдыңнан шығуы мүмкін.
Мектепте өткізген тәжірибемді сараптай келе мен өз жұмысыма төмендегідей сұрақтар қойып, оларға өзім жауап беруге тырыстым.
Қазақ әдебиетінен сындарлы оқытуға негізделген сабақтар барысында оқушы не істей алуы керек?
1. Ақпараттық технологияларды қолдана отырып ақпараттарды таныстыруда жүйелі сөйлей білуі керек.
2. Технологиялық карталар мен таблицаларды сауатты толтыра білуі керек.
3. Компьютерлік тестілеуді қолдана білу керек.
4. Интернет материалдарын пайдалануда әдебиет, мәдениет,тарих, өнер тақырыптарының бір-бірімен байланыстылығын ескере отырып, жинақтаған материалдарына жоспарға сәйкес жүйелі түрде қысқарту,талдау, сараптау, салыстырулар жасай білу керек.
Қазақ әдебиетін оқытуда оқушы бойында ақпараттық құзіреттілікті қалыптастыру мақсатында өтілетін сабақтарда мұғалім келесі талаптарды ескеруі керек:
1. Өтілетін сабақтың оқу жоспары бағдарламасына сәйкестігі.
2. Оқушының алдында тапсырмалар пакетінің болуы.
3. Сабақтың кезеңдері бойынша құжаттардың жүйелі түрде де, эпизодтық түрде де алынуы; мақалалардың, суреттердің авторы, дереккөздердің нақты берілуі.
4. Оқыту, бақылау, ізденіс функцияларының орындалуына бақылау жасау.
5. Дидактикалық мазмұнын компьютерсіз оқытуда да қолдану үшін, басып шығаратын материалдардың арнайы WORD форматтағы нұсқасын дайындау.
Соның нәтижесінде оқушылардың ақпараттық технологияларды қолданудағы құзіреттілігі артады, компьютерлік ойлау жүйесі дамиды, яғни ақпараттық құзіреттілігі артады.
Осыған сәйкес, зерттеуші ғалым П.В. Беспаловтың ақпараттық құзіреттілік жайлы пікірін келтіре кеткенді жөн деп санаймын: «...интегральная характеристика личности, предполагающая мотивацию к усвоению соответствующих знаний, способность к решению задач в учебной и профессиональной деятельности с помощью компьютерной техники и владение приемами компьютерного мышления».
Ақпараттық коммуникативтік технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты білім беруде қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Сондықтан компьютер адамның зерттеу - танымдық әрекетінің әмбебап құралы ретінде ерекшеленеді. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік бергендіктен, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр.
АКТ-ны сабақта қолдану оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттырады, сыни ойлауға, басқалармен ой бөлісуге, өз тәжірибесін шыңдауға, АКТ пайдалану машықтарын арттыруға көмектеседі. АКТ-ны оқушыларды бағалау кезінде де қолдандым. Қазіргі уақыттағы activote құралы осының айғағы. Бала тест сұрақтарына activote құралын пайдалана отырып жауап береді де, нәтижесі автоматты түрде экранда көрсетіледі. Бұдан басқа электронды оқулықтар мен тестер де жетерлік. Мұның барлығын оқушы өзіне берілген тапсырмаларды орындау барысында пайдалана алады. Өз білім деңгейін анықтап, салыстырып отырады. Оқушылардың да технологиялық білімдері міндетті түрде болуы қажет. Оқушы қолданбалы бағдарламалармен, браузермен, электронды поштамен жұмыс жасай алады. Сабағымда АКТ-ны қолдану - міндетім, өйткені күнделікті өтетін сабағымыз АКТ-мен байланысты. Сабақта АКТ-ны қолдану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру бірінші орынға қойылған. АКТ-ны қолдану нәтижесінде оқушылардың өз бетімен ізденісі, қызығушылығы, белсенділігі, сенімділігі артады. Оқытуда білім технологияларын интеграциялау менің іс-тәжірибемнің дамуына үлкен үлес қосады деп ойлаймын.
Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану қазіргі кездегі заман талабы болғандықтан, оған басты назар аударуымыз қажет. Жаңа ақпараттық технологияларды білім беру үдерісінде қолдану біршама жетістіктерге апаратын жол. Яғни ақпараттық-коммуникативтік технология білім беруде маңызды құрал деп айтсақ та болады. Басты мақсатым - ақпараттық-коммуникативтік технологияларды жетік меңгеру және оқушыларға меңгерту. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану мұғалімге де оқушыға да қолайлы. Біз сабақта теория мен практиканы ұштастырамыз. Бұл екеуі бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады. Тәжірибелік жұмыс жасау барысында бала теориялық білімін шыңдайды. Конфуций: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, өзіме жасатсаң - үйренемін» деген. Конфуций айтқандай, бала қолымен жасағанда ғана жақсы түсінеді, есте сақтайды. АКТ-ны тек қана сабақ кезінде ғана емес, сабақтан тыс уақытта да қолданамыз. Өйткені кез келген деректерді интернеттен, ұялы телефондардан, сандық теледидардан, ұтқыр құрылғылардан да алуымызға мүмкіншілігіміз бар.
Қоғамның қазіргі даму кезеңі жедел ақпараттандырылу процесімен сипатталады. Ақпараттық коммуникативтік технологиялардың білім беру жүйесіне енуі жаңа тарихи - әлеуметтік жағдайлардың талабы болып отыр. Ақпараттық коммуникативтік технологиялардың дамуы мектеп түлегінің функционалдық сауаттылығына тағы бір көрсеткіш - компьютерлік сауаттылық көрсеткішін енгізіп отыр. Яғни бүгінгі таңда мектеп түлегінің білім сапасын, компьютерлік сауаттылығын жоғарылату үшін тек қана информатика сабағында ғана емес, барлық пән сабақтарында, соның ішінде қазақ әдебиеті сабағында да ақпараттық технологияларды тиімді қолдану міндет болып отыр. Егер біз бұл технологияны бұрынғы білім беру жүйесіне бұлжытпай кірістірсек, компьютерлік құрылғылар сабақта тек қана техникалық құрал ретінде қолданылып қала береді. Сындарлы оқытуға негізделген сабақтарымызда компьютерлік құрылғылар - білім беретін әдістемелік - педагогикалық көмекші құрал ретінде қарастыруды қажет етеді.
Балаларға АКТ-ны пайдалануда қажетті жерде ғана, орнымен пайдалана білу, қауіпсіздік ережесін есте сақтау керектігін айтып отыру қажет. Интернетте отырған кезде де өзі туралы, мекен-жайы, телефоны т.б. туралы мәліметтерді құпия ұстауды, яғни жеке ақпараттарды сақтауды үйрету қажет. Оқушылардың көшбасшы болуына да АКТ мүмкіндік береді. Өйткені оқушы үйінде басқа бағдарламаларды өздігінен меңгереді де оны сыныптастарына көрсетіп, қандай мүмкіндіктері бар екенін түсіндіре отырып, оларды үйретеді. Яғни АКТ-ны пайдалануды барлық әдістермен ықпалдастыруға болатынын байқадым.
Мен келешекте қазақ әдебиетінен өтетін сабақтарымда интерактивті тақтаның флипчарттарын тиімді пайдаланып, жазушылармен сұхбат түрлерін, тарихпен байланысты деректерді, бейнероликтерді соларға орналастыру жағын да қарастыруым керек екенін түсіндім.
Әр мұғалім білім беру саласында қоғамның дамуының басты айғағы болып саналатын ақпараттық - коммуникативтік технологияларды ұтқыр қолдана білсе, сабақтың дамытушылық сипаты да әсерлі болатындығы сөзсіз.

Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 

информатика сабақ жоспары

Автор: admin от 28-03-2017, 00:24, посмотрело: 590

Сабақтың тақырыбы: Графикалық және дыбыстық файлдарды ендіру

Сабақтың мақсаты: PowerPoint-тың графикалық және дыбыстық мүмкіндіктерін қолдану
Сабақтың міндеттері:
Сабақтың мазмұнына байланысты міндеттер:
- графикалық және дыбыстық файлдарды слайдқа енгізе алады;
- өз бетінше слайд құруға дағдыланады;
- тақырып бойынша білімдерін пысықтап, практикалық шеберліктері қалыптасады;
Дамытуға байланысты міндеттер:
- өз пікірін ашық айтып, ойларын ортаға салады;
- бір-бірінің пікірін, ойын тыңдау арқылы сөйлеуге дағдыланады;
- бір-бірімен ой бөлісіп, сынайды, сауатты бағалайды;
Топтық жұмысқа байланысты міндеттер:
- топтағы оқушылар бірін-бірі тыңдайды;
- топтық ережелерді сақтай отырып жұмыс жасайды;
- техника қауіпсіздік ережесін сақтайды.
Сабақтың типі: жаңа білім беретін сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Идеялар тақтасы, Жигсо І, түртіп алу жүйесі.
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:
1. Құралдар: интерактивті тақта, магнит тақтасы, ActivSlate құралы, компьютер, А1 қағазы, маркер.
2. Көрнекіліктер: слайд көрсетілімі, қима қағаздар, кері әсер парағы, өзін-өзі басқару дәптері, стикер.

Категория: Мұғалімдер шығармашылығы