19
июнь
2019
Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн
Қазіргі таңда балалар еңбегі маңызды мәселе болып отыр. Науқанды өткізудің негізгі мақсаты қоғамның назарын, соның ішінде ересектерді, балаларды және олардың ата-аналарын балалар еңбегінің ең нашар түрлерін қолданудың алдын алу мәселелеріне аудару, сондай-ақ осы саладағы құқықтық ақпараттандыру болып табылады. Сонымен қатар ауыр жұмыс істеу баланың денсаулығына зиян екендігін және әр бір бала ешбір қиындықсыз, жарқын өмір сүруге тиіс екендігін ұғындыру. "Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес" Ұлттық ақпараттық науқаны шеңберінде бала еңбегінің ең нашар түріне жол бермеу және балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында төмендегідей іс-шаралар жүргізілді.