Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Жаңашыл мұғалімдерімен бірлесе жұмыс жасаудың жолдары

Автор: admin от 28-03-2017, 01:33, посмотрело: 700

1 Жаңашыл мұғалімдерімен бірлесе жұмыс жасаудың жолдары

Ж.Ж.Ізбасарова
ДБО жетекшісі, тренер

Қазіргі заманғы ғылым мен техниканың даму деңгейіндегі өркениет білім берудің мазмұны мен формаларын жетілдіруді талап етуде. Қандай да бір істі өзінің нақты деңгейіне жеткізіп атқару үшін шеберлік қажет. Ол барлық іс-әрекеттер мен мамандықтарға тән қасиет.
Ұстаздық жолды ұстанған тұлға үшін педагогикалық шеберлікті жетілдіру негізгі мақсат болып саналады.
Педагогикалық шеберлік дегенміз – тұлғаның өз еркімен дамуына жол ашу,оқу-тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықта жұмыс атқарудың формаларын әдістерін дамыту.
Оқушынының таным белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденістерге баулу- бұл білім берудегі басты мәселе.Оқушының шығармашылық қабілеті оның ойлауы мен іс әрекеті арқылы дамиды.Ойлауға үйрететін сабақтарды жүргізуде алдымен мұғалім мен оқушы арасында ынтамақтастықты қалыптастыру қажет.Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді ұсынушы ғана емес,танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы.Мұғалім қадағалаушы ролінде емес,бірлескен әрекет жасау арқылы оқушының интеллектуалдық шығармашылығын дамытады.
Бүгінгі танда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеріп, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға дамыту міндеті тұр. Сондықтан да қазіргі мектептің басты мақсаты – баланы табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің ашылуына қолайлы жағдай жасау. Қазіргі кезде елімізде білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Осыған орай оқушының тұлғалық дамуына бағыттылған жаңа оқыту технологиялары пайда болуда.Әрине, бала тілі оқу, ойлау, әңгілемесу, пікірлесу арқылы дамиды. Ой дамыса – ізденеді, сөйлеседі, біреуге әңгімелейді, пікір алмасады.
Егер біз шәкірттеріміз жекелеген пәндерден берілетін білімді терең меңгеріп қана қоймай, алған білімдерінің негізінде жүйелі ойлау дағдысын игерсін десек, кәсіби тұрғыдан қойылатын талаптарға сай болуымыз керек. Білім беру мазмұнындағы өзгерістер, тұлғаға бағытталған оқытуды жүзеге асыру - мұғалімнің әдістемелік қызметінен көп жаңашылдықты күтеді, кәсіби құзыреттілігі шеңберінің кеңдігін қажет етеді.Заман талабына сай болу үшін мұғалім әрқашанда ізденіс үстінде болу керек. Өздігінен дамуға, өзін-өзі кемелдендіруге ұмтылатын ұстаз оқушысына оң бағдар сілтейді деген сенімдемін.
Мұғалімнің міндеті – кез келген оқу материалынан,оқу процесін ұйымдастырудың өзінен бала үшін жаңа нәрсе тауып алу.Екіншіден,оқыту баланың өмірге бейімделуімен байланысты болуы керек.Үшіншіден, таным процесіне көмегі болатын қайшылықты (қарсы ой, пікір) тауып, құрастырып алып, оқушыға талқылауға, өзіндік шешім жасауға ұсыну керек.
Оқу материалын тұтас меңгерту деген ұғым - әбестік, оның қажеті шамалы.Оқу материалындағы маңызды, нақты ақпаратты әр түрлі талдау, тану, пайымдау дұрыс жүргізілсе,оқушының интеллектуалдық процесін белсендіреді.
Ұғымдар арасындағы логикалық байланысты дұрыс аңғарған оқушы материалды да өз деңгейіне сәйкес игереді,қорытынды жасайды. Бұл – барлық балада бірдей емес, бірдей болуы мүмкін де емес.Өйткені әрбір оқушының таным мүмкіндігінің дербестігі әр қилы, бұл – маған дейін дәлелденіп қойған нәрсе.
Оқыту мазмұны, формасы, ұйымдастырылуы оқушының қабілетін нақты көрсете алмаса да, оны дамытуда, жетілдіруде маңызды.Оқушының оқытудан шеттеп қалмауы, оқытудан өзіне қажеттісіне қол жеткізуі – мұғалімге міндет, мұғалімнің іс- әрекетіне сын.
Білім сапасы – мұғалімдер қызметінің сапасы. Біз мұғалімдердің әлеуметтік –тұрмыстық жағдайларын үнемі айтамыз. Ұстаз беделі ең алдымен, оның жеке басының қасиеттеріне, ұстаздық келбетіне байланысты екені анық. Егер «Нені оқыту керек?» деген сауалға мемлекеттік білім беру стандарттары жауап беретін болса, «Қалай оқыту керек?» дегенге жауапты «тек мұғалімнің кәсіптік даярлығынан жаңа технологияларды пайдалана білуінен, өзінің нақты мақсатын айқын көре алуынан және сол арқылы баланы әлемдік ақпараттық, қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қалыптастыра білу шеберлігінен іздеу қажет» деп жауап берген болар едім.
Қазіргі қолданылып жүрген сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Баланы субьекті ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның бастысы – оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру. Оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде әрекет ету, мақсатқа жету оқушының өзі арқылы жүзеге асады. Мұғалім –ұйымдастырушы, бағыт беруші.
Сын тұрғысынан ойлау – сынап қарау емес, оқушының шыңдалған ойлау әрекеті. Сынып оқушылары топпен жұмыс істеу арқылы өзара пікірлесіп, ұтымды жауаптарды тауып айтуға үйренеді. Сұрақтарға тынымсыз іздене отырып, өз ойын айтуға, дәлеледеуге мүмкіндік алады. Оқушы санасына сәуле себер түсінік пен ұлағатты ұғымды қалыптастырып, білімді жүйелі түрде меңгеруіне және жеке оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасының ерекшелігін байқауға болады.
Бұл жобаны оқытудағы үш маңызды нәрсе:
1. Сапалы білім.
2. Шығармашылық қабілетін арттыру.
3. Уақытты ұтымды пайдалану.
Осы жобаны оқыту процесінде жақсы оқушының үш түрлі артық қасиеті байқалды:
1. Зеректігі.
2. Зейінділігі.
3. Қызығушылығы (ойын толық жеткізуі).

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарында мына мәселелерге назар аудырылады:
 сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау;
 сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағламау;
 өзіндік қиялын дамыту үшін «менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру;
 әр түрлі жауаптарды қабыл алып, жақсы ойларды мадақтау, түсініксіз ойларды сынамау, керісінше жәрдем беру;
 тіл байлығын дамыту үшін, қалайда жауапты соңына дейін тыңдау;
 баланың дүниетаным деңгейінің көтерілуіне, рухани өсуіне әрбір сабақта жағдай жасау.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарында білім беріп, икем-дағды қалыптастырып қана қоймай, ұжымдық шығармашылық іс-әрекеттер арқылы оқушы болашағына ықпал етіп, оның өз білімін жетілдіре отырып, өзін-өзі тәрбиелеп-дамытуына жағдай жасауға болады.
Бүгінгі таңда мұғалім қандай болу керек, оның кәсіби біліктілігі қандай жолдармен көрінеді? Мұғалім ең алдымен, бала жанының тамыршысы болуы тиіс. Бала жүрегінің перделерін дәл тауып, оны ойната білу оңайлықпен келмейді. Бұл ұстаздың өз мамандығына деген сенімділігінен, бейімділігінен, айқын мақсатынан және бала жүрегіне жол таба білуінен көрінеді.Осы үшеуі мұғалім мейірімділігімен ұштасқанда нағыз тамыршы бола алады. Оқытуға деген ынта, өзіндегі барды асқан мейірімділікпен жеткізе білу ұстаз шеберлігінің бір қыры.
Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкірттеріне нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Бұл лайықты тұлғаға жету үшін үнемі ізденісте жүру қажет деп ойлаймын.



Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Мектеп директоры» Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал./ № 3, 2003ж /
2. «Мектеп» Ғылыми- әдістемелік педагогикалық журнал./ № 11, 14 саны, 2008ж /
3. Кәсіби даму мектебі. Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері. Алматы,
2004 ж.

Категория: Әдістемелік кеңес

 

Бастауыш сыныпта үлгерімі төмен оқушылардың іс-әрекетін дамыту жолдары Үлгерімі нашар немесе үлгермейтін оқушылармен жұмыс істеу

Автор: admin от 28-03-2017, 00:47, посмотрело: 3047

Бастауыш сыныпта үлгерімі төмен оқушылардың іс-әрекетін дамыту жолдары
Үлгерімі нашар немесе үлгермейтін оқушылармен жұмыс істеу
Еңбекке жарамдық:
 қызметті түрлендіру
 кабинетті желдету (проветрить)
 серпініс кезеңін өткізу
 қажеттілік және жеткіліктілік қағидасын ұмытпау
Үлгерімі нашар балалармен атқарылатын жұмыс түрлері:
 жеке жұмыс карточкасы
 тесттер
 өзгертілген тапсырмалар
 тренажер-карточкалар
 шығармашылық тапсырмалар
 ақпарат-карточкалар
 есептің шешім үлгілері бар карточкалар
 конспект-карточкалар

Категория: Әдістемелік кеңес

 

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Автор: admin от 28-03-2017, 00:34, посмотрело: 3146

1 ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Бүкіл әлемдік білім кеңістігіне енуге ұмтылып отырған Қазақстанның жалпы орта білім беру жүйесінде жақын арада түбегейлі өзгерістер болатыны 12 жылдық оқуға көшуге орай қабылданған тұжырымдамадан байқалады.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында жалпы орта білім берудің ұлттық деңгейдегі басты мақсаты- еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, құзыретті тұлғаның қалыптасуына ықпал ету деп анықтап көрсетілген.
Әлемдік тәжірибе мен ұлттық практикаға сүйеніп жасалған бұл ресми құжатта әрбір оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру нәтижелерінің алғаш рет енген, үш түрлі құзыреттіліктер жиынтығын игеруі мақсат етілген:өзіндік менеджментке жататын өмірде кездесетін проблеманың шешімін табу құзыреттілігі; білімнің мазмұнына шоғырланған ақпараттық құзыреттілігі; білім алу үшін аса қажет білімді игерумен бірге жүретін қарым- қатынастық, коммуникативтік құзыреттілік.[3]
Құзыреттілік-оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі.
Жеке тұлғаның құзыреттіліктерін дамыту мен қалыптастыруда нысандар мен құбылыстарды зерттеумен байланысты өңдеу әрекетінің маңызы зор.
Мектептің оқу үрдісінде кең өріс алған білімді ізгілендіру бағыты ең алдымен ғылыми дүниетанымға жаңа көзбен қарап, мемлекеттің болашақ азаматтарының интеллектуалды тұлға болып қалыптасуына өркениеттік тұрғыдан бағдарлауға бет бұрған мұғалім мен оқушының зерттеушілік әрекетінен көрінеді.

Категория: Әдістемелік кеңес

 

Кәсіби даму ортасы-кәсіби даму мектебі

Автор: admin от 5-06-2018, 22:34, посмотрело: 383

1

         Кәсіби даму ортасы - кәсіби даму мектебі

 

Избасарова Ж.Ж.

Мектеп директоры

 

 Мектеп басшыларының кәсіби біліктілігін көтерудегі мақсат – сын тұрғысынан ойлауын дамыту көзқарасында өз пәнін оқыту жодары, әдістері, мұғалімдерді жаңашылдыққа бағыттау және нысандары туралы кәсіби ойлауының қалыптасуына бағытталу. Осы мақсатта мектеп басшыларымен бірлескен «Кәсіби даму ортасы - кәсіби даму мектебі» шығармашылық тобы құрылды.


Категория: Әдістемелік кеңес

 

«Іс-әрекеттегі зерттеу немесе Lesson study»

Автор: admin от 28-03-2017, 01:06, посмотрело: 601

1
«Іс-әрекеттегі зерттеу немесе Lesson study»


Мақсаты: «Lesson Study-мен сабақты жоспарлау» тақырыбымен кәсіби тәжірибе алмасу кеңістігін ұйымдастыру негізінде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігінің ашылуына және дамуына жағдай жасау
Мiндеттерi:
• Сабақта өз бетінше жұмыстарды ұйымдастыру проблемасын бақылауда сертификатталған мұғалімдер өзара тәжірибе алмасады;
• Өз бетінше жұмысты ұйымдастыруда іс-әрекеттер тізбегі арқылы өз тәжірибесімен бөліседі;
• Lesson Study-мен мұғалімнің оқушылармен өз бетінше жұмыстарын ұйымдастыруын талдап, проблеманың шешу жолдарын анықтауда көмектеседі, рефлексия жасайды.
Дереккөздер: «Жапон мектептерінде Сабақты зерттеу арқылы кәсіби қоғамдастықты құру» (How Japanese schools build a professional learning community by Lesson study) Тошия Чичибу Білім беру саясаты саласындағы зерттеулер ұлттық институтының жетекші ғылыми қызметкері (Жапония, Токио қ.) слайды, «Lesson Study» жайында бейнеролик, интернет материалы mail.ru, «Lesson Study жоспарлау» слайды, «Жария сөздің шеберлігі» стратегиясын қолдану.

Категория: Әдістемелік кеңес