» Материалы за Май 2018 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

"Сыңғырла соңғы қоңырау"

Автор: admin от 28-05-2018, 00:46, посмотрело: 303

1
№ 30 Қақпатас орта мектебінде "Сыңғырла соңғы қоңырау" атты дәстүрлі салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынды ашу үшін құттықтау сөз кезегі мектеп басшысы Жанагүл Жайсанбекқызына берілді. Бүгінгі салтанатты жиынға ардагер ұстаздарымыз және Қордай ауданы әкімдігінің Ветеринария бөлім басшысының орынбасары Омарбеков Мұхит Елтаевич қонаққа келіп өздерінің игі тілектерін білдірді. Міне, биылғы 2017-2018 оқу жылында оқу мен тәрбие үрдісінде көптеген оқу озаттары мен екпінділер қатары толықтырылып, оқушыларымыздың арасында аудандық, облыстық, республикалық әр түрлі олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздары анықталып, жылды табысты аяқтағалы отырмыз. Осы мақтаныштарымызды марапаттау үшін сөз кезегі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Мамиля Нығметқызына берілді. Алғашқы қоңыраудың күміс күмбірі жаңа оқу жылының басталғандығын білдірсе, бүгінгі соғылғалы тұрған СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ үні мұғалімдеріміздің білім саласында, оқушыларымыздың оқу мен тәрбиеде жеткен мол жетістіктерін қорытындылай келіп, биылғы 2017-2018 оқу жылын мектебіміздің тарихына енгізгелі отыр.

"Сыңғырла соңғы қоңырау"

 

"Сыңғырла соңғы қоңырау"

 

"Сыңғырла соңғы қоңырау"

 

"Сыңғырла соңғы қоңырау"

 


Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

Көктемгі сессия барысында өткізілген іс-шаралар

Автор: admin от 24-05-2018, 00:03, посмотрело: 290

1
20.04.2018ж күні көктемгі сессия барысында Тірек мектебі (РО) және магниттік мектептер арасында "Квест:00 Агенттері" атты танымдық-интеллектуалдық-спорттық ойыны өткізілді. Бұл жарыстың мақсаты өз денсаулығына деген жеке жауапкершілік танытуын, өзге адамдардың денсаулығы мен салауатты өмір салтын сақтау құқығын сыйлау қабілетін қалыптастыру. Жағдайға сыни тұрғысынан баға беріп  және жауапты шешім қабылдау қабілеттерін дамыту. Ойынға қатысушыларға қойылған талаптар бойынша жарыс (логикалық тапсырмаларды шешу, сурет салу, спорттық жарыс, кейіпкерлерді сомдау) өткізілді. Ойынның жеңімпаздары арнайы дипломдармен марапатталды.  
 
 
24.04.2018ж күні көктемгі сессия барысында Тірек мектебі (РО) және магниттік мектептер арасында "Мадақтау мен жазалау" тақырыбында 7-сынып ата-аналарымен дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Отбасындағы бала тәрбиесі туралы ата-аналардың пікірін білу, талқыға салу. Бала тәрбиелеу ісінде кездесетін қиындықтар мен жетістіктер туралы сөз ету. Топтық жұмыстар арқылы тәрбиелік-кеңес алаңында бала тәрбиесіне қатысты келелі мәселелер бағытында өз ойларын ортаға салу. Сонымен қатар "Өзін-өзі бағалау" психологиялық тренингі ұйымдастырылды. "Өзін-өзі бағалау"-өзгелердің пікірі арқылы және өзіне сырт көзбен қарау арқылы деңгейін анықтай алуы.  

Категория: ---